Кіру

|

Тіркелу

Қызылордада Сәтбаев қаласының бұрынғы прокуроры пара алғаны үшін сотталды

Жарияланған күні: 18.07.2025, 15:42

Автор: Рахимжанова Жамиля

Прокуратураның бұрынғы қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Қызылорда соты.

 

Ағымдағы жылдың сәуір айында сотталушы Қызылордада танысымен кездесіп, ол танысы өзіне қатысты бұзақылық үшін қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтқан. Бұрынғы прокурор тергеу барысына ықпал ететін лауазымды тұлғаға пара беру арқылы мәселені шешуге көмектесе алатынына сендірген.

 

Пара ретінде 2 млн теңге сұраған. 1 млн теңгені танысының банктік шотына аударуды сұраған. Бірнеше аптадан кейін ол тағы 500 мың теңге алған.

 

Сотта сотталушы өз кінәсін мойындаған. Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 190-бабы 3- бөлігінің 2) тармағымен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына, ал ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасына, ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігінің талабымен, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы түпкiлiктi 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Оған өмір бойы судья лауазымын атқаруға, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істеуге тыйым салынды.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.